Музарт «Күзгі бақ»
Дата публикации: 17.11.2019

Текст песни

Күзгі бақ

Мен сені ақ таңнан, 
Ақерке шақтардан. 
Сағынып іздеймін, 
Сарғайған бақтардан. 
 
Жан сырын ақтарған, 
Жапырақ ақ тардан. 
Сен жайлы сыр айтып, 
Тербейді тәтті арман. 
 
Қайырмасы:
Аяулы арманның ақ құс сөзі, 
Ақ ұлпақ қанатың қақты сезім. 
Сағынтып кел деген тәтті сөзің, 
Жаным менің. 
Жүректі жаралап жүз жылатқан, 
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан. 
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан? 
Жаным менің. 
 
 
 
Күн өтсе өзіңсіз, 
Жүректе сезімсіз. 
Куә боп тұрды ғана, 
Түнгі аспан тек үнсіз. 
 
Көшеде қонар күз, 
Қоңыр күз көңілсіз. 
Көңілсіз шақтарда, 
Қалмашы сен үнсіз. 
 
Қайырмасы:
Аяулы арманның ақ құс сөзі, 
Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім. 
Сағынтып кел деген тәтті сөзің, 
Жаным менің. 
Жүректі жаралап жүз жылатқан, 
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан. 
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан? 
Жаным менің. 
 
Қайырмасы:
Аяулы арманның ақ құс сөзі, 
Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім. 
Сағынтып кел деген тәтті сөзің, 
Жаным менің. 
Жүректі жаралап жүз жылатқан, 
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан. 
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан? 
Жаным менің. 
 
Аяулы арманның ақ құс сөзі, 
Ақ ұлпақ қанатын қақты сезім. 
Сағынтып кел деген тәтті сөзің, 
Жаным менің. 
Жүректі жаралап жүз жылатқан, 
Өзіңді іздеймін күзгі бақтан. 
Қайда сол бал сезім біз ұнатқан? 
Жаным менің.

 

Распечатать