Орда «Қағаз кеме»
Дата публикации: 22.08.2020

Плейлист:
Орда
Всего караоке-песен в этом плейлисте: 3
Текст песни

Қағаздан жасалған кеме көріп бүгін арықтан
Асығып аққан, қашып баладан
Көз алмай біраз кідірдім аңғармайды оны ешкім.
Ағып барады, алыс барады,
Қорықпашы толқыннан, 
Қызықты сапарлар күтуде оны алда...
 
Балалық аралы сағым болып қалды алыста, 
Шықты сапарға, үмітті арқалап.
Өмірдің теңізінен жол таба алса екен кемем
Желкендер тіккен қиялдағы кемем.
Қорықпашы толқыннан, 
Ашық бол алда аспан,
Өмірдің теңізінде жүзген
Желкенді қиялдағы кемем...
 
Қорықпашы толқыннан, 
Ашық бол алда аспан,
Өмірдің теңізінде жүзген
Желкенді қиялдағы кемем.

Распечатать