Төреғали Төреәлі «Найзағай болып»
Дата публикации: 07.09.2020

Текст песни

Жүрегің сонша жалынсызба айнам.
Тұнжырап келдің тағы үнсіз қайдан.
Жеңісі бақыт жеңіліс қайғы.
Махаббат деген қарусыз майдан.

Түймедей баққа таңырқай берме.
Инедей мұңды найзадай көріп.
Жауатын бұлттай жабырқай берме.
Жарқ ете қалшы найзағай болып.

Жалғанның жауһар-лағылын сұрап
Азапқа жүрсің бәрібір шыдап
Махаббат майдан жүрек жауынгер
Жауынгерді көр тағы бір сынап

Түймедей баққа таңырқай берме.
Инедей мұңды найзадай көріп.
Жауатын бұлттай жабырқай берме.
Жарқ ете қалшы найзағай болып.

Распечатать