Айқын Төлепберген «Алтыным»
Дата публикации: 11.10.2020

Плейлист:
Айқын Төлепберген
Всего караоке-песен в этом плейлисте: 2
Текст песни

Қаракөз ең алғашқы сүйген қызым,
Көктемім жазым менің күзім қысым.
Армандап жыл мезгілін қалай күтсем,
Ол да менің көптен күткен аққу құсым.
 
Қалап ем махаббаттың Қаламқасын,
Қолдан ұштың қанатты қарлығашым.
Аймалап аялаған күндерімді,
Қалайша сен есіңнен шығарасын?
 
Қайырмасы:
 
Алтыным менің,
Кете бардын амалым жоқ қала бердім.
Жүрегім кеудеме сыймайды-ау,
Сол менің жүрегімді қинайды.
Алтыным...
 
Күте күте сарғайдым хаттарынды,
Сағынышым жыр болып ақтарылды.
Мен ғана жалғыз сені сағынатын,
Ойлап тұрсам осы бір шақтарынды.
 
Ұмыттын ба жастықтың көп күндерін,
Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді.
Сол жылы көрші үйдің баласына,
Мәңгілікке айырбастап кеттін мені

Распечатать