Абай әндері «Көзімнің қарасы»
Дата публикации: 21.11.2019

Плейлист:
Абай әндері
Всего караоке-песен в этом плейлисте: 2
Текст песни

Абай Құнанбайұлы  -  Көзімнің қарасы


Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы.

Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
“Бар” демес сендей бір
Адамның баласы.

Жылайын, жарлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.

Распечатать