Музарт «Сағындым Алматымды»
Дата публикации: 05.04.2020

Текст песни

сөзі: С.Оспанов
әні: Алтынбек Коразбаев

Қосамын әнге атыңды,
Тосамын әр хатыңды.
Сағындым алма бағын,
Арайлы Алматымды.
Сағындым аққу үнін,
Сағындым ақ гүліңді.
Алматым, сыйладың сен,
Шабытты шаттығымды.

Еске алсам Көктөбені,
Жаныма от береді.
Алғашқы махаббатқа,
Куәгер көк тірегі.
Қалайды жаным жырды,
Болмайды әнім мұңды.
Пәк көңіл, ақ жүректі
Достарым сағындырды.

Аспаны астанының,
Сағындым жастар әнін.
Сағындым шыңдарыңды,
Алатау асқаралы.
Талпынған тау үлына,
Ғашықпын жауыныңа.
Сағынып жетем саған,
Бас мені бауырыңа!

Распечатать