Клара Толенбаева «Аққу арман»
Дата публикации: 28.04.2020
Текст песни
Ертегі әлем шертеді әуен қиялым көкте салады асыр
Аққудай арман күйге ертіп алуан ақтарар үнсіз жағаға сыр
Қайырмасы
Ақ қанат арман белден асып қалықтап бара жатыр
Адамдар күтіңдер аңсағаның оралар қарада тұр
Арманын іздей үмітін үзбей тағдырлар талмай жағада тұр
Өмірден озбай жүректі қозғай толқынмен ойнап шағала тұр
Қайырмасы
Ақ қанат арман белден асып қалықтап бара жатыр
Адамдар күтіңдер аңсағаның оралар қарада тұр
Ақ дидар арман ақ таңдай алдан күледі көктен төгіліп тұр
Қарашы қырға малынып нұрға арманың сол бір көрініп тұр
Қайырмасы
Ақ қанат арман белден асып қалықтап бара жатыр
Адамдар күтіңдер аңсағаның оралар қарада тұр
