Ернар Айдар «Сағынып күндер өтуде»
Дата публикации: 26.06.2020

Текст песни

Енді саған кіміңдей болам,

Көп адамның біріндей болам.

Көздеріңе ілінбей қалам,

Көргенде көшеден.

 

Бар мен жоғын білінбей маған,

Мен де салқын Сібірдей болам.

Ертеңіме түңілмей барам –

Деп шештім, кеше мен.

 

Күндерім түндей өтуде,

Түн - кірпік ілмей өтуде.

Болар еді жаным,

Бақытқа бірге жетуге.

Сағынып сені күндер өтуде.

 


Менімен таң қатар атырды,

“Сағыныш” деп аталатын мұң.

Қанатынан махаббатымның,

Жұлдың сен қауырсын.

 

Жабырқатып кеткеніңменен,

Жазам енді тек көңілді өлең.

Астан-кестен еткеніңменен,

Өткінші дауысың.

Распечатать